The importance of laboratory work in the formation of research competence of students-biologists

Authors

  • А.А. Рамазанова

Abstract

Зертханалық жұмыс — бұл оқытудың конструктивистік тəсілде студенттерге бағытталған, стратегиялармен келісілген белсенді оқу қызметі. Ғылым мен білімді дамытудың маңызды бөлігі болып саналады. Ол нақты нысандар мен ұғымдармен эксперимент жүргізетін студенттерді қамтиды. Ғылыми мазмұнды дамытып қана қоймай, ғылыми процестің дағдыларын, шығармашылық ойлауды, мəселелерді шешу қабілетін жəне ғылыми əдісті дамытуға ықпал етеді. Білім алушыларды ғылыми
қызығушылыққа баулу конструктивті оқытудағы зертханалық жұмыстың тиімділігінің негізінде зерттелді. Студенттердің жетістіктерін бағалау үшін келесі əдістер қолданылды: концептуалды түсінік тесті, сауалнама, сұхбат. Концептуалды түсінуді жəне тұжырымдамалық карталауды тестілеу нəтижесінде студенттер биологиялық белсенді заттардың маңызы туралы білімдерін қалыптастырды. Сонымен қатар, студенттер жобаларында сыни ойлау, ғылыми үдеріс пен биологиялық белсенді
заттар бойынша жинақталған білімді жəне өндірісте қолдана алатынын көрсетті. Зертханалық жұмыста зерттеу тобының жетістігі студенттерге қызығушылық танытатын контекстпен, сондай-ақ оқу əдістерімен байланысты болуы мүмкін. Студенттердің ғылыми əлеуетін дамытуда арнайы биологиялық зертханаларда биологиялық белсенді заттарды анықтауға арналған зерттеу жұмыстарының алуан түрлілігі маңызды болып табылады.

Downloads

Published

2019-12-28

Issue

Section

TRADITIONS AND INNOVATIONS IN EDUCATION