Differentiated teaching is a program that teaches to eliminate academic failure

Authors

  • М.Т. Отыншиева

Keywords:

дифференциация, дифференциалды оқыту, саралап-деңгейлеп оқыту, жеке даралау, ішкі жəне сыртқы дифференциация, деңгей, оқу үрдісі, қабілет, жаңа технология.

Abstract

Мақалада «дифференциалды оқыту» туралы түсінікке анықтама беріліп, оның түрлері мен
формаларына талдау жүргізілді. Оқытудың бұл түріне қатысты пікірлер мен көзқарастарды зерттеуге
бағытталған алыс жəне жақын шетелдік, сондай-ақ отандық ғылыми əдебиеттерге сараптамалық шолу
жасалды. Бірқатар зерттеулерге салыстырмалы талдау жасай отырып, мұғалімдердің дифференциалды
оқыту мəселесіндегі ұстанымдарына, тұжырымдамаларына сараптамалар жасалды. Дифференциалды
оқытуды жүзеге асыру үшін жүйелі түрде білім алушыларға күрделілігі əртүрлі жұмыстарды
жүргізуге, мұғалімдермен пікір алысып, білім алушының өзімен сырласуы, ата-ананы одақтас етіп,
ынтымақтастықты арттыру істің нəтижелі болуына мүмкіндік жасайтындығы баяндалды. Сонымен
бірге талап-тілектеріне сай қосымша уақыт бөліп, бірлесе сынақ-тəжірибелер жасау, бірлесе
жасалатын жұмыстар даярлауда көмекке шақыру, көрнекі көрсетілетін тəжірибелерді жасауда
жəрдемдесу, біріге еңбек ету – бұл дифференциалды оқытудың маңызды міндеті болып табылатыны
туралы айтылды

Downloads

Published

2019-03-29

Issue

Section

TRADITIONS AND INNOVATIONS IN EDUCATION