Журнал туралы

Редакциялық саясат: Редакционная политика (22.05.2020 жылдан №2 хаттамамен бекітілген):

"Қарағанды университетінің хабаршысы" журналы, "Педагогика" сериясы, рецензияланатын ғылыми журнал 1996 жылдан бастап шығарылады.

ISSN 2518-7937 (Print). ISSN 2663-516Х (Online):

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке қою туралы куәлік, KZ11VPY00027379, берілген күні 30.09.2020ж.

Басылым ISSN 2518-7937 (Print) ISSN: 2663-516X (Online) Халықаралық орталығында тіркелген. Журналдағы мақалалардың электрондық нұсқасы https://pedagogy-vestnik.buketov.edu.kz/index.php/pedagogy-vestnik сайтында ұсынылды.

Баспагер: "Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ.

Индекстеу: Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) - https://www.elibrary.ru/titles.asp; Қазақстандық дәйексөз алу базасы (КазБЦ) - https://nauka.kz/page.php?page_id=795,  Google Scholar ғылыми ақпарат агрегаторы - https://scholar.google.ru/citations?hl=ru&user=c77RNsEAAAAJ&view_op=list_works&sortby=title.

 Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне (ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдардың тізімі) кіреді - https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/documents/details/520901?lang=ru.

 «Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы» журналына және жарияланған мақалаларға DOI сандық нысан идентификаторы тағайындалады.

Журналдың мақсаты: педагогика ғылымдары саласындағы өзекті мәселелерді жария ету; академиялық жұртшылыққа іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерімен алмасу және талқылау мүмкіндігін беру; Халықаралық ғылыми қоғамдастыққа интеграциялау; білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру; халықаралық стандарттарға сәйкес келетін зерттеулер деңгейіне ұмтылу.

 Міндеттері:

  • басылым авторларына рецензиялау қызметтерін қоса алғанда, сапалы редакциялық-баспа қызметтерін ұсыну;
  • әр түрлі елдердің ғалымдары арасында нәтижелі диалог үшін ғылыми алаң құру;
  • ынтымақтастық құру және ғылыми білімді дамыту мақсатында авторларды шетелдік ғалымдармен ғылыми байланыстар орнату мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
  • педагогика ғылымдары саласындағы мамандар болып табылатын беделді авторларды журналға тарту;
  • Қазақстанда және шетелде журналдың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру;
  • журналды халықаралық және қазақстандық нарықта ілгерілету.

 Журналдың редакциялық саясаты келесі принциптерге негізделген:

  • мақалаларды жариялау мақсатында оларды іріктеудегі объективтілік пен бейтараптық;
  • ғылыми зерттеулердің сапасына жоғары талап қою;
  • мақалаларды жариялау туралы шешім қабылдаудағы алқалылық;
  • авторлармен қарым-қатынаста қол жетімділік және жеделдік;
  • авторлық және сабақтас құқықтарды қатаң сақтау;
  • журналдың шығу кестесін қатаң сақтау;
  • бір автордың мақалаларын жылына екі реттен артық жарияламау.

 Журнал тақырыбы келесі бөлімдерді қамтиды:

  • білім беру теориясы мен практикасы;
  • білім берудің инновациялық технологиялары.

 Журнал келесі материалдарды жарияламайды:

  • журналдың тақырыбына сәйкес емес;
  • бұрын басқа басылымдарда жарияланған;
  • түзетілмейтін орфографиялық, стилистикалық немесе басқа да қателіктер, сондай-ақ белгіленген ғылыми фактілерге тікелей қайшы келетін мәлімдемелер мен гипотезалар бар материалдарды.

 Журналдың шығыс деректер:

Ғылыми мерзімді басылымның толық атауы: Қарағанды университетiнiң хабаршысы, Педагогика сериясы/Вестник Карагандинского университета, серия Педагогика/Вulletin of the Кaraganda University, Рedagogy series.

 Меншік иесі: «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен тіркелді, Тіркеу куәлігі № KZ11VPY00027379 30.09.2020 ж.

 Журнал шығарылымдарының жиілігі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).

 Басылым тілі: қазақ, ағылшын/щет тілдері, орыс.

Редакцияның мекен - жайы: 100024, Қазақстан, Қарағанды қ., Университет көшесі, 28

E-mail: vestnikku@gmail.com. Сайт: vestnik.ksu.kz

Ағымдағы шығарылым

Том 31 № 3 (123), 2026
Жарияланды: 2026-09-28

Барлық шығарылымдар

Білім беру теориясы мен практикасы

Инновациялық білім беру технологиялары

Барлық журнал басылымдарын көрсету