Development and application of the academic cloud in the process of training future computer science teachers

Authors

  • М. Серік

Abstract

Мақалада болашақ информатика мамандарын даярлау үдерісін таратылған технологиялар негізінде
жетілдіру мəселелері қарастырылған. Жоғарғы оқу орнында бұлттық технологияларды қолдану
мүмкіндіктері мобильділік пен қолжетімділік тарапынан зерттелді. Бұлттық технологияларды оқу
үдерісіне ендіру арқылы оның нəтижелілігін жоғарылату мүмкіндіктеріне көңіл бөлінеді. Сонымен
қатар бұлттық қызметтерді ұсынудың кең тараған модельдеріне негізделген мəселенің бірнеше жүзеге
асыру жолы ұсынылды. Зерттеу міндеттерінің бірі – бұлттық технологияларды оқыту үдерісін
ұйымдастыру құралы ретінде қолдану қарастырылды. Оқытуда ашық коды бар программалық
қамсыздандыруды құру мен пайдалану тəжірибесі келтірілді. Бұлттық технологияларды оқыту
үдерісінде қолданудың негізгі тəсілдері ұсынылды. Academ-cloud.kz бұлттық қоймасын құрып, оқыту
үдерісінде пайдалану мысалы келтірілді. Бұлттық ресурстар негізінде білім алушыларды оқыту
барысында нəтижелі қолдануға болатын, контекстік білім беру ортасын құру мүмкіндігі
қарастырылды.

Downloads

Published

2019-03-29

Issue

Section

TRADITIONS AND INNOVATIONS IN EDUCATION