The importance and opportunities of biological regional studies

Authors

  • Ж.Ш. Рахимбердиева

Abstract

Мақалада биологиялық өлкетану мен оның нысандары жайлы мəліметтер берілген. Жоо-дағы білім беру саясатының сабақтастығын қамтамасыз етуде жəне болашақ биолог-мамандардың туған өлке компоненттерін танып-білудегі, зерттеудегі іс-тəжірибесін қалыптастыру мақсатында «Биологиялық өлкетану» пəнінің мақсаты, мазмұны, ұсынылатын практикалық жұмыстардың бағдарламасы берілген. Пəнді оқыту барысында білімгерлердің экологиялық мəдениеті, экологиялық сауаттылығы,  табиғатқа жанашырлығы, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі қалыптасады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – білім беруде экологиялық мазмұнның көлемінің ұлғаюы, жергілікті аймақ өсімдіктері мен жануарларының биологиялық əртүрлілігіне, ерекшеліктеріне басты назар аударып, оларды қорғау жəне сақтау шараларын үйрету. Бағдарлама оқытуға арналған жүйелік жұмысқа бағытталған, ол бірқатар тəжірибелік жұмыстар мен экскурсияларды енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Оқытушылар оқу материалдарын құрылымдау, оқуға арналған материалдардың жүйелілігін анықтау, сондай-ақ
білім, дағды жəне білімгердің жұмыс істеуін, дамуын қалыптастыру жолдарын анықтайды. Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ биолог-мамандардың өлкетанудағы іс тəжірибесін қалыптастыруды заманауи бағытта тиімді ұйымдастыру əдістері жəне биологиялық өлкетанудың негізгі функциялары келтірілген.

Downloads

Published

2019-06-29

Issue

Section

THEORY AND TECHNOLOGIES OF EDUCATION AND TRAINING