Organization of individual and group, educational and cognitive activity of pupils in studying biology
Abstract
Мақалада биология сабағында оқушылардың жеке-топтық оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық əдістемесін мектеп тəжірибесінде қолданып, тиімділігін анықтау мəселелері қарастырылған. Ол үшін зерттеу нысаны ретінде орта сыныптардағы оқу-тəрбие үдерісі алынды. 6-сыныптағы биология курсы мазмұнының «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тарауын оқытуда жекетоптық оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктері зерттелді. Сондай-ақ орта сыныптарда
биологияны оқытуда оқушылардың жеке-топтық оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық əдістемесі жасалды жəне тəжірибе жүзінде оның тиімділігі анықталды. Алынған зерттеу нəтижелері көрсеткендей, «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тарауын жеке-топтық əдістеме бойынша оқып-үйренген тəжірибелік топ оқушылары дəстүрлі əдістеме бойынша оқыған оқушылардан тұратын бақылау тобы көрсеткіштерімен салыстырғанда жоғары нəтиже көрсетті.
Əсіресе тəжірибелік топ оқушылары оқу материалын меңгерудің екінші жəне үшінші деңгейін талап ететін тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Мұны оқушылардың өзіндік жұмыс орындау барысында оқылған материалды тиімді пайдалану мүмкіндігімен түсіндіруге болады.