Pedagogics of historical memory as a condition for the formation of a communicative culture of students

Authors

  • Қ.Р. Калкеева

Abstract

Мақалада əлеуметтік-гуманитарлық ілімдер шеңберінде тарихи сананы қалыптастырушы заманауи педагогикалық көзқарастар қарастырылған. Авторлар аталмыш құбылысты ашатын отандық жəне шетелдік ғылыми əдебиеттерде қолданылатын «тарихи жады педагогикасы», «музей педагогикасы», «еске алу педагогикасы», «тарих дидактикасы», «тарихты оқыту əдістемесіне» басты назар аударды. Музей педагогикасы, тарих дидактикасы, коммеморативті педагогика тарихи сананы қалыптастыру педагогикасының басты бөлшектері болып табылады. Мақалада аталған түсініктердің өзара диалектикалық бірлігіне акцент жасалынған. Авторлар тарихи жады педагогикасы мен тарихи сананы қалыптастырушы көздерді қарастыру тенденциясын, сонымен бірге өткен күндер жөнінде тарихнамалық жəне педагогикалық зерттеу жүргізудің перспективалық бағыттарын қарастырды.  Саяси үдеріс, көпшіліктің тарихи санасы жəне тарих курсының мазмұны мен дидактикасының арасындағы байланыс пен сипатты қарастыратын тарихи білім тұжырымы ұсынылды. Авторлар қарастырылатын мəселенің толыққандылығын көрсетуге тырыспайды.

Downloads

Published

2019-12-28

Issue

Section

TRADITIONS AND INNOVATIONS IN EDUCATION